Сұхбат 11.04.2019 сағат 08:38  101

Қаласам, отбасылы еркекпен кездесемін: Әсел Сәдуақасова еліміздегі шектеулерге қарсы екенін айтты (ВИДЕО)

Белігілі әнші, актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова Тимур Балымбетовтің "Если честно" бағдарламасында өзі қаласа, отбасылы еркекпен кездесуге дайын екенін айтты. 

Қаласам, отбасылы еркекпен кездесемін: Әсел Сәдуақасова еліміздегі шектеулерге қарсы екенін айтты (ВИДЕО)

«Мен ешкімге ештеңе міндетті емеспін. Жалпы ешкімнің алдында ақталуға міндетті емеспін. Егер сүйіп қалсам, отбасылы еркекпен кездесемін. Елімізде әйелдерге көп шектеу қойылады, мен сол шектеулерге қарсымын»,-деді Әсел  бағдарлама барысында.

Десе де, өнер иесі бұл сөздерімен басқа дүниені меңзеп отырғанын  айтты.

«Әрине, мен отбасы бар адаммен кездеспеймін. Мен өз-өзімді жақсы көремін, қамтамасыз ете аламын. Менің сондай адамдармен кездесетін құрбыларым бар. Олар сүйіп қалдық деп кездеседі. Мүмкін олар бұл жолды жүріп өтіп, түбінде өзіне не керек екенін түсінетін шығар. Мен соны айттым. Мен бұны мысал ретінде айтып отырмын»,-деп түсіндірді актриса.

Жасы 30-дан асқан актриса бүгіндері қыздардың тұрмысқа шығуға асығатынын айта келе, соның салдарынан ажырасу көп екенін алға тартты. Оның ойынша, қыз-келіншектер қоғамдағы өздеріне қойылатын шектеу-талаптардан арылып, өздерін дамытумен айналысулары керек.

 

Соңғы жаңалықтар