Сұхбат 25.04.2019 сағат 06:28  518

Талғамда талас жоқ: Роза Рымбаева ұлдарының жар таңдауына қалай қарайтынын айтты (ВИДЕО)

Белгілі эстрада жұлдызы Роза Рымбаева «TalkLike» жобасында қонақта болып, жеке өмірі мен шығармашылығына, әріптестеріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, әнші ұлдарының жар таңдауға қалай қарайтынын және оған өз көзқарасы қалай екенін де мәлімдеді.

Талғамда талас жоқ: Роза Рымбаева ұлдарының жар таңдауына қалай қарайтынын айтты (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Сахнада, өмірде жалаңаштанып жүрген қыздар өте көп. Ертең Әли немесе Мәди сол қыздардың біріне ғашық болып қалса, сіз олардың махаббатына араласасыз ба әлде махаббат бәрінен ұлы ма?» деген сауалға халық әртісі салмақты жауап берді.

«Менің балаларым ондай қыздарға барады деп ойламаймын. Әлимен ақылдасқан кезімде болашақ жары өзіне қызық болуы керек екенін айтты.Мен қандай деңгейде еңбек етіп жүрсем, ол адамның да бір қызықты дүниесі болуы керек деген секілді айтты. Ол менен, мен одан үйренуім керек деген ой ғой. Бірақ, енді олқылықтарды тек мен ғана емес, олар да көріп тұратын шығар деп ойлаймын. Өзім де соған сенемін»,-деді екі баланың анасы Роза Рымбаева.

Дегенмен, өнер иесі ондай адам кез болған жағдайда, оларды тәрбиелеу керек екенін айтты.

«Олардың барлығы жаман адам деп айтуға болмайды. Біраз тәрбиелеу керек шығар. Түсіндіру керек, үйрету керек. Білгенінен білмегені көп қой. Бәріміз жас болдық. Мен Тасқынға тұрмысқа шыққанда, жұмыртқа куырғаннан басқа ештеңе білмейтінмін, соның барлығын үйрендім »,- деп аяқтады сөзін халық әртісі.

 

 

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар