Сұхбат 25.04.2019 сағат 09:48

«Өзіңді ғарышқа ұшқандай сезінесің»: Әнуар Нұрпейісов 5500 метр биіктікке қалай шыққанын айтып берді (ВИДЕО)

Белгілі актер, шоумен Әнуар Нұрпейісов Youtube желісіндегі Nursultan Qurman арнасына сұхбат беріп, өміріндегі елеулі жаңалықтармен бөлісті. Кейінгі кездері ол еліміздің экотуризмін дамытуға атсалысып, белсенділігімен көзге түсіп жүр. Жақында «Хан тәңірі» деп аталатын деректі фильм түсіріп, 5500 метр биіктікке шыққан. 

«Өзіңді ғарышқа ұшқандай сезінесің»: Әнуар Нұрпейісов 5500 метр биіктікке қалай шыққанын айтып берді (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Алматы облысы әкімдігі тауға экспедиция ұйымдастырғалы жатқандарын айтып, маған ұсыныс жасады. Өзіме серік болатын адамды таңдауымды және оператор алуымды ұсынды.Мен бірден келістім. Өйткені бұл керемет дүние, өзіңді ғарышқа ұшқандай сезінесің»,-деген актер тауға шығудың адам өмірін өзгертетін саяхатпен пара-пар екенін айтады.

Актердің айтуынша, тауға шығамын деп екі рет өлім аузынан аман қалыпты.

«Сол  тауларлың қасында сен кіп-кішкентай екеніңді сезесің. Сенің проблемаларың да түкке тұрмайтын болады. Біз Хан тәңіріне шыға алмадық. Тау қысымы, тау ауруы секілді дүниелер кедергі болды. Алдағы уақытта онда қайта ораламыз»,-деген Әнуар Нұрпейісов сонда да биіктен қорықпайтынын жеткізді.

Актердің айтуынша, «Хан тәңірі» деректі фильмі алдағы уақыта Канаданың тау туралы деректі фильмдер фестиваліне қатыспақ. Әзірге талап бойынша ол интернет желісінде көрсетілмеуі тиіс екен.

 

 

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар