$ 494.87  520.65  4.91

«Бассейнге ертіп кетіпті»: үйіне киімсіз келген әйелдің әңгімесі

Күз болатын. Бір күні қала тұрғындары милицияға хабар берді. Қаратал жақтағы бассейнде бір жалаңаш әйел кешке қарай суға түсіп жүр деген.

Олар біздің арамызда. Түнге қарай тағы бір қорқынышты әңгіме. Талдықорғанда тұрған кезім еді. 90-жылдар. Өзбеков деген құрып қалғыр облыс басшысы болды. Сол жылдары қалада свет жанбайтын. Жылу жоқ. Ақша жоқ. Қала құрыған уақыт. Кеш батса бәрі қап- қараңғы.

Күз болатын. Бір күні қала тұрғындары милицияға хабар берді. Қаратал жақтағы бассейнде бір жалаңаш әйел кешке қарай суға түсіп жүр деген. Ел әрнәрседен үрейленетін уақыт қой, біреудің өтірігі ғой дедік...

Сондай бір қараңғы кеште бір әйел жоғалды. Бассейн тексерілді. Әйел табылмады. Үш күннен кейін жоғалған әйел табылды. Ол өзі бір түні үйіне жалаңаш келді. Түрін көрген күйеуі шошығаннан құлап қалыпты. Шындығын толық білмейміз.. Милиция артынан айтыпты- мыс. Әлгі әйел жұмысынан келе жатқанда алдынан бір ап-арық әйел шыға келеді. Қараңғыда өң-түсін көре алмапты. Бірақ әйел жалаңаш еді.

Сол әйел оны бассейнге ертіп кетіпті. Гипноз сияқты айтқанын істетіпті. Үстіндегі киімдерін шешкізіп, суға түсіріпті. Содан есін жиса ол қала сыртында жалаңаш жүр. Үйіне қалай жеткенін де білмейді. Тек біреу қолынан жетектегені есінде.

Үш күн қайда болғанын да білмейді.

Бұл оқиға тағы басқалармен де қайталаныпты- дейді...

Әйтеуір қыс түскенше ел қорқып жүрді.

Содан ұмытылды.

Қорқыныш деген жаман ғой.

Бірақ қорыққан да дұрыс. Қорқақ адам сақ болады. Ол бейуақытта қараңғыда жалғыз жүрмейді.

Айгүл Асылбекова-Нөкербаева

Фейсбуктегі парақшасынан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары