07.10.2019, 11:25

Жол апатынан қайтыс болған байкердің елесі (ФОТО)

Фото: avto.goodfon.ru
Жүк көлігінің жүргізушісі Сол Васкес жантүршігерлік жол апатының куәгері болған.

Кентукки штатының тұрғыны Facebook желісіндегі парақшасында жол апатынан қаза тапқан адамның елесі көрінген суретті жариялады, деп жазады Alashainasy.kz.

Facebook желісінде жарияланған таңғажайып сурет бір тәуліктің ішінде 10 мың рет бөлісілген, - деп хабарлайды Metro.

Жүк көлігінің жүргізушісі Сол Васкес жантүршігерлік жол апатының куәгері болған. Байкер үлкен жылдамдықпен келе жатып, соғысқан.

Айтуынша, сурет жүк көлігінің кабинасынан түсірілген. Бірнеше сағаттан кейін жол апаты түсірілген суреттердің бірінен ол адам кескініндегі елесті көрген.