$ 445.66  474.58  4.78

«Өте қорқынышты»: сүйіктісінің артында тұрған елес жігіттің зәресін алды (ВИДЕО)

Видеохабарламасы бар жазба желіге лезде тарап кеткен. Жүздеген адам жаңалықты бір-біріне жіберіп, роликте не болып жатқаны туралы пікірлерімен бөліскен.

Төсекте жатып мысығы мен өзін видеоға түсіріп, сүйіктісіне жіберген бойжеткен жігіттің зәресін алды. Бейнежазбадан көрінген елес ер-азаматты аяғынан тік тұрғызған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ, Life.ru-ға сілтеме жасап.

Reddit желісінде Jmeicke лақап есімімен отыратын қолданушы сүйіктісі жіберген видеохабарламаны оқырмандарына жіберіп, болған жайт туралы пікір бөлісуді өтінген.

Айтуынша, оның назарын қыздың артында тұрған түсініксіз көлеңке аударыпты. Ол қорқынышты фильмдердегі елеске ұқсап тұрған.

"Менің қызым осы видеоны маған Snapchat желісіне жіберіпті. Оның артында тұрған мүсін менің назарымды аудармай қоймады. Өз басым тылсым дүниеге сенбеймін. Алайда, расымен мұның не екенін түсіне алмай отырмын. Оның шкафында қандай адам тұрды?" деп жазды жігіт.

Видеохабарламасы бар жазба желіге лезде тарап кеткен. Жүздеген адам жаңалықты бір-біріне жіберіп, роликте не болып жатқаны туралы пікірлерімен бөліскен. Барлығын арудың артында нақты не тұрғаны қатты қызықтырған.

"Сүйіктің саған опасыздық жасап жүр немесе оның қыр-соңынан елес қалмауда. Мен бұны қалай да түсіндіруге болатынына сенемін. Десе де, болған жайт расымен де өте қорқынышты екен" деп жазды бір желі қолданушы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары