$ 494.87  520.65  4.91

«Анда...ана жақта... үйде...»: бос үйдің телефонына жауап беріп жүрген кім?

Бір күні әлгі келіншегіміз түскі үзілістен бода-бода болып жылап келді. Қызметтестер Сәлиманы қоршап алып, асты-үстіне түсіп бәйек болып жатыр. Қатты шошынғандықтан болар өңі боп-боз болып кеткен келіншектің тілі икемге келер емес.

Бір таныс жігіттің айтқан әңгімесі естен кетпейді. Өзі қақ-соқпен жұмысы жоқ, біртоға жан болатын. Көп сөйлемейтін, жұрт арасында суырылып алға шыға бермейтін жандардың сөзінің өтімді келетіні де шындық қой. Ол төмендегі хикаяны бізге баяндап берген кезде шынында тұла бойымызды бір қорқыныш сезімі билегені де рас.

-Ана бір жылдары қызмет бабымен еліміздің батыс өңірінде еңбек еткенімді өздерің жақсы білесіңдер. Батыстың халқы аузын ашса, жүрегі көрінетін аңғал да адал, мейман сыйлауда алдарына жан салмайтын қонақжай, мейірбан келеді екен, - деп бастады ол өзінің әңгімесін. - Мен қызмет еткен жерде Сәлима дейтін жалғызбасты әйел болды. Тамағы арзан, өзі дәмді асхана келесі махаллада еді. Сәл жырақтау болғандықтан біздің мекемеден онда көп адамдар бара бермейтін. Бір күні әлгі келіншегіміз түскі үзілістен бода-бода болып жылап келді. Қызметтестер Сәлиманы қоршап алып, асты-үстіне түсіп бәйек болып жатыр. Қатты шошынғандықтан болар өңі боп-боз болып кеткен келіншектің тілі икемге келер емес. Бар болғаны «Анда...ана жақта... үйде...» деп қолын әлдеқайда сермей береді.

Біршамадан кейін белгілі болғанында ұққанымыз, Сәлиманың құрбы келіншектері үнемі «сен жоқта үйіңе телефон шалсақ, ылғи бір әйел алады да, үйде ешкімнің жоғын айтып, кейін хабарласуымызды, болмаса, ұйықтап жатқаныңды айтып жауап береді» дейді екен. Сәлима пәтерінде өзінен басқа ешкімнің жоғын айтып, оларға ант-су ішеді. Құрбыларының сөзіне аса сенбейді де. Бір қызығы, мұндай сөздерді ылғи естіп жүрген Сәлима бұған онша-мұнша назар аудармай, олардың сөзін әзіл-қалжың деп түсінеді. Тіпті, болмағасын сол күні телефон-автоматтан өзінің үйіне қоңырау шалса, тұтқаны көтерген бейтаныс әйел бұған: «Ол кісі үйде жоқ. Сіздің кіміңіз болады? Кешке хабарласыңыз» деген сәтте келіншек талып қала жаздайды. Арғы жағы белгілі ғой.

Кейде орыс ұлтының өкілдерінен «үй иесі», «домовой» дегендерді естіп қалып жатамыз. Тіпті, кейбіреулер оның бойының, киімінің қандай болатындығына дейін жыр қылып айтып, әлгі «домовоймен» үйде бірге тұрып жатқандарына сендіргісі келеді. Олардың әлгі «бейтаныстарға» арнап ауызғы бөлмеге ас-ауқат қойып жүретіндері тағы бар. Құдды, бір итке, болмаса, басқа бір жанға қойғандай, қызық көрінеді бұл өзі.

Сонда бұл не? Иесі жоқ үйде телефон тұтқасын көтерген кім? Шынымен де, өмірде «домовойдың» бар болғаны ма? Кейде біреулер домовойдың лас жерлерде болатынын айтады. Осындайларды естігеннен соң өзіміздің ислам дінінің тазалығы жайында қуана еске аласың. Шын мәнісінде, азан шақырылатын, құран оқылатын үйлерде мұндай жын-шайтанның болмайтыны анық. Сондықтан да жұма сайын болсын, үйіңізде құран оқылып жатса, құба-құп. Тек ішкі жан-дүниеңіздің тазалығына баса назар аударсаңыз болды.

Дереккөз: Алаш айнасы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары