$ 494.87  520.65  4.91

Тіршілікті жермен-жексен ететін астероидтар туралы не білесіз?

Мексиканың оңтүстігіне құлаған нысан 300 шақырымдық Чиксулуб кратерін қалдырған. Ғалымдардың айтуынша, құлаған аспан денесінің көлемі 10 шақырым болған.
фото: page.maple4.ru
фото: page.maple4.ru

Адамзатты жойып жіберетін астероидтар 100 миллион жылда Жерге құлайды, деп хабарлайды РИА Новости, "Роскосмос" ақпараттық-сараптамалық орталығының басшысы Игорь Бакарасқа сілтеме жасап. 

65 миллион жыл бұрын динозаврлардың жойылып кетуіне астероид немесе комета себеп болғаны гипотезелар арқылы анықталып отыр. Мексиканың оңтүстігіне құлаған нысан 300 шақырымдық Чиксулуб кратерін қалдырған. Ғалымдардың айтуынша, құлаған аспан денесінің көлемі 10 шақырым болған. 

"Ғалымдардың айтуынша, адамзат тіршілігін жойып жіберетін Жермен соқтығысқан 10 шақырымдық аспан денесі 100 миллион жылда бір рет құлайды екен. Қазіргі адамзат тарихында мұндай жағдай әлі тіркелмеген", - деді Бакарас. 

Ол басқа да кішігірім астероидтарды мысалға алды. Бір шақырымдық астероидтың өзі жаһандық апатқа алып келуі мүмкін екен. Соқтығысу кезінде 20 шақырымдық кратер қалады. "Мұндай жағдайлар бір миллион жыл сайын болып тұрады", - деді ғалым.  

Диаметрі 100 метрлік астероид бір өңірдегі апаттың болуына себепші (кратер радиусы 20 шақырым) немесе мұхитқа түскен жағдайда цунами болады. 2019 жылдың басында ғалымдар Күн жүйесіне қарасты 18 мың қауіпті ғарыш нысандарының барын анықтады. Олардың 99 пайызы астероидтар екен.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары