Жаңа жыл түні арман-тілігені қағазға түсіріп, артынша оны стақан ішіне салып өртеп, сол ыдыспен шампан ішкен қыз ауырып қалды. Бұл оқиға Ресейдің Сызрань өңірінде болған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, КТВ-Луч телеарнасына сілтеме жасап.
Аяғы келеңсіз жайтқа ұрындырған арудың бұл әрекетінің бір күші бар көрінеді. Бойжеткен өзі ұнатып жүрген жігітпен бірге болуды тілеген екен. Алайда ғалам күші оның тілегінен де күшті болып шыққан.
Қыздың арман-тілегі жазылған салфетка екіге бөлініп кеткен. Дегенмен, қыз оған мән берместен тағы бір басқа қағазға тілек жазып, шампан ішіпті.Ішкен шампаны тамағына тұрып қалып, құсқысы келген.
Сөйтіп қыз Жаңа жыл түнін дәретханада өткізіпті. Осы оқиғадан кейін, бойжеткен өзі ғашық болып жүрген жігітінің өзге арумен болып, көзге шөп салғанын айғақтайтын суреттерді көреді. Әлгі суреттерді көрген ол таңқалысын жасырмаған. Қыздың айтуынша, ағзасы оны әлгі жігіттен құтқармақ болған екен.