$ 473.15  515.12  5.4

«22.12.22 – тағдырды өзгертетін дата» – нумеролог

Кей адамдар үшін таныстық, жаңа оқиғалар, тосын сыйлар кездесуі мүмкін.

Датадағы сандардың ерекше комбинациясы кімнің болмасын назарын аудартпай қоймайды. Әдемі датаға сәйкес келген күні тосын оқиғалар мен ғажайып сәттер, сәттілік пен табыс күтіп тұратындай сезім болатыны жасырын емес. Көпшіліктің осындай күндерге өміріндегі ең маңызды оқиғаларын жоспарлайтыны да осыдан болса керек. Бүгінгі күн – 22.12.22, сондай үйлесімді сандарға сәйкес келіп тұр.

Нумеролог маман Құралай Бақытқызы бүгінгі күн тартылыс күші қатты әсер ететінін айтады.

"Бүгінгі датада екі саны көп қайталанады. Бұл – кездесе бермейтін сәйкестік. Екі саны бізде магнетизм, тартылыс күшін көбейтетін сандардың бірі. Ол – күш-қуатты білдіреді. Сол себепті бүгін бумеранг, тартылыс күші қатты әсер етеді. Адам қандай ойда болса, сол нәрсені өзіне тез тартады. Кеше де осыған ұқсас дата болды", – дейді нумеролог.

Сонымен қатар ол осы күні дүниеге келетін балалардың ерекшелігіне де тоқталып өтті.

"Бұл күні дүниеге келген балалардың биотоктары мықты, күш-қуаты мол болады. Яғни дәрігер болса, жақсы маман болады деп айтар едім. Жалпы, бұл күннің энергетикасы мықты", – дейді Құралай Бақытқызы.

Ең бастысы, бүгін ойлаған ойларыңыз шындыққа айналуы мүмкін екенін де естен шығармаған жөн.

"Адамдар тым эмоционалды болуы мүмкін мүмкін. Сондықтан жағымсыз ойларды ойламауға тырысу керек. Жақсы ойда болсақ, басқаларға, айналамызға жақсылық ойласақ, соны өзімізге тартамыз. Одан бөлек, тағдырды өзгертетін дата. Кей адамдар үшін таныстық, жаңа оқиғалар, тосын сыйлар кездесуі мүмкін. Интуицияңызға сеніңіз, ол алдамайды. Көбірек армандап, өзіңмен сырласу керек", – дейді нумеролог маман.

turkystan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#нумерология