Үйімізде даладан кіргенде дәліздегі киім ілінетін шкафтан бастап төргі бөлмеге дейін айна ілінген. Жасым 20-ға толса да осының сырын әлі күнге дейін біле алар емеспін.
Қариямен қоштасып, «ашынған ананың қарғысы текке кетпейді» деген осы екен-ау, – деп ойлаған Әлім, «ол жерді үлкен басшы көрмейтіндей етіп қоршасам ба екен, әлде көрген жандарға ой салар орын болып тұра берсе қайтеді екен?..», – деп келе жатты.
Сол күні түнде терезені қатты-қатты соққан дыбыстан шошып ояндым. Кәдімгідей қатты-қатты дүңкілдеген дыбыс естіліп тұр. Қарасам сол баяғы баланың бейнесі. Тек бұл жолы жүзінде күлкі жоқ.
Қорыққанға қос көрінді ме, әлде, шынымен болып жатыр ма, көзім ескі үйдің терезесіне түсті. Ақ көйлек киген кішкентай қыз маған қарап тұр. Иә, анық көрдім.