Соңғы жаңалықтар

Тылсым
«03:00»: Бойымды үрей билегенде, сағат осы уақытты көрсетіп тұрады

«03:00»: Бойымды үрей билегенде, сағат осы уақытты көрсетіп тұрады

Әупірімдеп кәлимамды айтып, зорға дегенде ес жиып, сағатқа қарасам... О тоба, тағы да «03:00»!

«ТУК-ТУК-ТУК»: көліктің жанында тұрған жаңағы мақұлық еді

Ауыл мен қаланың ортасы 2-3 сағаттық жапан даламен жүретін жол болатын. Жолда ұйқым келіп, әлсін-әлсін көзім жұмыла берді. Сондықтан радио қосып, сергек болу үшін 1-2 аузыма «кофейный конфет» салдым.

Нәрестенің жанын жыландарға сатқан молда

Кенет сырттан әлдебіреу кіргендей, есіктің ашылып-жабылғанын естіді. Барып қараса, ешкім жоқ. Қайта орнына келіп жайғасты. Бірақ, әлгі дыбысты қайта естіді. Қайтадан тұрып, есік жаққа тағы барды. Бұл жолы да келген адам жоқ. Сірә, біреу мұны мазақ қылып, есікті ашып-жауып, тығылмақ ойнап тұрғандай.

«Жұма, 13-і» тіркесі неге үрей тудырады?

13 саны көптеген адамдардың өмір сүруіне кедергі келтіргені соншалық, олар тіпті дәл осы 13-і жұмаға түскен күні сыртқа да шықпайды, жұмыс та істемейді екен.

«Қара шашты әйел ту сыртынан қанталаған көзімен қарап тұрғандай» — елес туралы әңгіме

Көзге көрінбес бір бейне үй ішін ары-бері қопарыстырып жүргендей болды. Қорыққанынан дауысы шықпай, өз деміне өзі тұншығып, көзі ілініп кеткен екен, әлдебір алып күш кеудесінен басып, жаншып барады.

«Бассейнге ертіп кетіпті»: үйіне киімсіз келген әйелдің әңгімесі

Күз болатын. Бір күні қала тұрғындары милицияға хабар берді. Қаратал жақтағы бассейнде бір жалаңаш әйел кешке қарай суға түсіп жүр деген.

«Қарындасыммен таныс»: жынмен жақындасқан әйел туралы

Алай-түлей дауыл басталды да кетті. Бір қарасам, үлкееен қара жылан арт жақтан жорғалап келеді екен. Менен басқа бір пенде көрмеді. Әлгі жылан өрмелеп келді де, алдыңғы қатарда тұрған, бата алуы тиіс әйелге оралды да, мықтап, сығымдап қыса бастады. Әйел жерге құлап түсті. Аузынан көбік ағып жатыр.

«Артыңа бұрылып қарама»: сарбаздардың елесі орман кезіп жүр

Түн ортасы ауғанда оқшаулау кеткен қыз бен жігіт үрейлері ұшып, айғайлап қашып келіп құрбыларының арасына тығылады. Ештеңені ұқпаған достары музыканы өшіріп, не болғанын сұрайды.

Болған оқиға: қыздық пердесі бұзылмаған қыз қырықаяқ босанған

Бірге оқитын курстасымыз Жанардың бойынан өзгерістер байқала бастады. Оның денесі толысып, ішінің өсе бастағанын байқадық. Мінезінде де өзгерістер пайда болды.

Қонақ үйдің №999 бөлмесі: кірген адам тірі шықпайтын жерде мистик-жазушы да көз жұмды

"Өзім қалаған бөлменің тылсым жайттарын, ол жайлы аңыздарды талай естігем. "Жүз рет естігенше бір рет көр" деген. Армандай бергенше, тылсым жайтты көріп өлейін!".