$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда 25 жастағы жігіттің денесін бөлшектеп тастаған достары 18 жылға сотталуы мүмкін

Жантүршігерлік қылмыс былтыр қыркүйекте орын алған болатын. 25 жастағы жігіттің бөлшектелген денесін Алматыда көпқабатты үйлердің ауласындағы қоқыс жәшігінен жергілікті тұрғындар тауып алған еді. Артынша полицейлер марқұмның екі досын күдікті ретінде ұстады.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ауыр қылмысты жасауға Play Station 4 ойын приставкасы себеп болған екен. Марқұм Роман Ситак оны таныстарының біріне уақытша ойнауға берген, алайда алған адам қайтармапты. Бірақ, тағы бір приставкасы мен ноутбугын 190 мың теңгеге сатып алуға келіскен. Бұл ақшаның бір бөлігін Роман Ситак өзіне қалдырып, қалғанын достары Қабденов пен Абельдиновке беруі керек болыпты. Күдіктілердің айтуынша, ақшаны олар ала алмағандықтан Романды пышақтап өлтірген.

Мәйіттен құтылу үшін күдіктілер оны бөлшектеп, ауладағы қоқыс жәшігіне тастапты. Сондай-ақ, олар Романның қалтасындағы 30 мың теңге мен ұялы телефонды да қолды еткен.

Қазір аталған қылмыс бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Күдіктілер ҚР Қылмыстық кодексінің 99, 188 және 384-баптары бойынша айыпталуда. Прокурор олардың әрқайсысын 18 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары