$ 498.34  519.72  4.85

Ұлттық бюро Мұхтар Әблязовты Қазақстанға тағы шақырды

Ұлттық бюро Әблязовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" АҚ  Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовтің 7 миллиард доллардан аса қаражатты жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тергеу мәліметінше, Әблязов жымқырған ақшалармен акцияларды сатып алып, банктің капиталын өсірген. Осылайша, шетелдік инвесторлар мен Қазақстан азаматтары банктің тұрақтылығына сеніп, сонда қаражаттарын салып келген. 2005-2008 жылдар арасында салынған депозиттер мен инвестицияларды барынша арттыру нәтижесінде банк капиталы 8 есеге өскен. Содан Мұхтар Әблязов бірнеше компаниясын несиелеу арқылы адамдарды алдап, ақшаларды жымқырған", - делінген ведомствоның хабарламасында.

ҚР Ұлттық бюро өкілдері Әблязовқа 2017 жылдың 15 ақпанына дейін ведомствоның әкімшілік ғимаратына келу қажеттігін айтып өтті.

"Қазіргі уақытта тергеудің аса ауыр қылмыс жасау дерегі бойынша жинаған дәлелдері арқылы күдікті Әблязовтің әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 263-бабының 4-бөлігінен ("Қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу") ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-бөлігінің "а", "б" тармақтарына ("Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне беру"), ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігін ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-бөлігінің  "а", "б" тармақтарына, ҚР Қылмыстық кодексінің 193-бабының 3-бөлігінің "б", "в" тармақтарына ("Ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру" - алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;), ҚР Қылмыстық кодексінің 220-бабының 1-бөлігі ("Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны мақсатсыз пайдалану") және ҚР Қылмыстық кодексінің 228-бабына ("Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу") баптарына ауыстыру мүмкін болды. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 206-бабының 1-бөлігіне сәйкес, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы, егер қорғаушының қатысуы заң бойынша міндетті болса немесе бұл туралы күдікті өтінішхат берсе, қорғаушының қатысуымен және қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей жария етіледі. Күдікті немесе оның қорғаушысы келмей қалған жағдайда, қаулы жиырма төрт сағат өткеннен кейін де жариялануы мүмкін. Мұхтар Әблязовтің Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына және Ұлттық бюроға келуден бас тартуына байланысты ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 206-бабының 8-бөлігіне сәйкес, күдікті Қазақстан Республикасынан тыс жерде болған және қылмыстық қудалау органдарына келуден жалтарған жағдайда - сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, ал қорғаушы келген жағдайда - қорғаушы да, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыда оның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болуына және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына келуден жалтаруына байланысты күдікті деп жариялау мүмкін еместігін куәландырады. Осыған байланысты Әблязов 2017 жылдың 15 ақпанынан дейін мына мекенжай бойынша орналасқан Ұлттық бюроның әкімшілік ғимаратына келуі тиіс: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 37", - делінген Ұлттық бюроның хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 2 ақпанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жауап алу үшін Мұхтар Әблязовті Астанаға шақырған болатын. "ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджменті М.Қ.Әблязовқа, Ж.Д.Жарымбетовке және өзгелерге қатысты қылмыстық істің соталды тергеуін жалғастырып жатыр. Тергеу барысында Антикоррупция қызметі Әблязов пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің қосымша дәлелдерін тапты. Банктен қаражатты жымқырудың жаңа нұсқалары ашылды. Анықталған деректер Әблязовтің қылмыстық ұйым құрып, оған басшылық еткен деген қосымша күдік келіп отыр. Оның ішінде бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топ кіреді, топ Қазақстан территориясында да, шетелде де әрекет еткен", - делінген еді ведомство хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары