$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте сотталған нигериялық «сиқыршылар» жеңіл жаза сұрап отыр

Осыдан біраз уақыт бұрын Шымкентте алаяқтығы үшін сотталған нигериялық «сиқыршылар» жазаларын жеңілдетуді сұрап отыр деп жазады Otyrar.kz. Африкадан келген Обаху Жозефату мен Нвоке Екендиричуку Оңтүстік Қазақстан облысының апелляциялық сотына осындай өтініш түсірген.

Өтініш ағылшын тілінде жазылғандықтан қазіргі таңда оның мәтінін аудару процесі жүріп жатыр екен. Қолда бар мәліметке сәйкес, Нигерияның ресми билігі өз азаматтарына алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның заң органдарына ешқандай өтініш жасамаған.

Естеріңізге салайық, биыл қаңтар айында әл-Фараби аудандық соты Обаху Жозефату мен Нвоке Екендиричукуды аса ірі көлемде алаяқтықпен айналысты деп айыптап, 5 жылға бас бостандықтарынан айырған еді. Олар жергілікті тұрғындарға мол байлық уәде етіп, ақшаларын қолды етіп отырған.

Нигериялық қос азамат ОҚО-ға келіп, жергілікті тұрғындарға үлкен бизнеспен айналысуды ұсынған. Олар өз басшыларының Африка түрмесінде жазасын өтеп жатқанын, оның миллиондаған ақшасын заңдастыру керектігін айтып, азаматтарға қолдан доллар жасау сиқырын көрсетіп алдап соққан.

Сотталған африкалықтар рақымшылыққа ілініп, олардың 5 жылдық мерзімі 3 жыл 9 айға қысқарғанын да айта кету керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары