$ 498.34  519.72  4.85

Түнгі уақытта 1 шөлмек арақ сатқаны үшін жаңаөзендік сатушы 90 мың теңге айыппұл төлейді

Жаңаөзен қаласының іргесіндегі Теңге ауылында түнгі уақытта арақ сатқан дүкен сатушысы 90 мың теңге айыппұл төлейтін болды деп жазады Tumba.kz. Дүкен иесі 4 ақпан күні түнгі сағат 22:35 шамасында жергілікті тұрғындардың біріне 950 теңге тұратын арақты сатқан.

- Сот шешімімен Г. есімді азамат ҚР Әкімшілік кодексінің 200-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып отыр. Яғни, ол заңда көрсетілгендей, түнгі сағат 21:00-ден таңғы 09:00-ге дейінгі аралықта алкогольді өнімдерді сатуға салынған тыйымды бұзған", - дейді Жаңаөзен қалалық әкімшілік істер бойынша ауданаралық сотының бапсасөз қызметі.

Сот шешіміне сәйкес, кәсіпкерге 40 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Яғни, 950 теңгенің арағын сатпақшы болған сатушы енді 90 760 теңге айыппұл төлеуі тиіс. Сонымен қатар, оның дүкені 1 айға дейін алкогольді өнімдер сату лицензиясынан айрылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары