18.03.2017, 03:34

Серік Ахметов ісі бойынша соңғы фигурант бостандыққа шығатын болды

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов ісі бойынша соңғы фигурант бостандыққа шығатын болды деп хабарлады 31-телеарна. Сот алқасы «Метталургия-Металлөңдеу» компаниясының экс-директоры Болатбек Ысқақовтың мерзімнен бұрын шығу туралы өтінішін толықтай қанағаттандырды.

Болатбек Ысқақовтың өтелмеген 1 ай 23 күні қалған. Қазір сотталушы АК 159/1 түзеу мекемесінде. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Бұрынғы премьер - министр Серік Ахметовпен бірге  «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену» бабы бойынша бір жарым жылға сотталған болатын. Ал ақпан айында Болатбек Ысқақов рақымшылыққа ілігіп, жазасының 4-тен 1 мерзімі қысқарылған еді.ӘЛИЯ ЖОШЕВА, Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының судьясы:- Сотталушы Болатбек Ысқақов Жұмабекұлының мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы өтініші қанағаттандырылды. Енді сотталушы пробациялық бақылауда болады, оған тұрғылықты жерін ауыстыру мен түнгі сағат 11-ден кейін көпшілік орындарында болуға тыйым салынды.