$ 494.87  520.65  4.91

«5 млрд теңге»: Алматыда жалған шот-фактуралар жасаған қылмыстық топ ұсталды

Қылмыстық топ ұйымдастырушылары «бір күндік фирмаларды» жақын туыстары мен таныстарының аттарына тіркеген.

Фото: do.rea.ru
Фото: do.rea.ru

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі қаражаттарды «қолма-қол ақша түрінде шығарып берумен» және жалған шот-фактураларды жазумен айналысқан. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті аяқтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мекемелерге екінші деңгейлі банк шоттарынан жүйелі түрде қаражаттарды заңсыз қолма-қол ақша түрінде шығарып беріп отырған. Яғни олар өз бақылауындағы 17 коммерциялық компания арқылы 5 млрд теңгеден астам сомаға коммерциялық ұйымдарға құрылыс-монтаж жұмыстары, көлік қызметтері және халық тұтынатын тауарларды жөнелту бойынша қызмет көрсетуге жалған шот-фактуралар жазып беру арқылы мекемелердің салық төлеуден жалтаруына көмектескен.

Қылмыстық топ ұйымдастырушылары «бір күндік фирмаларды» жақын туыстары мен таныстарының аттарына тіркеген.

Сот үкімімен бес айыпталушы кінәлі деп танылып, 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 

ҚМА «көлеңкелі» экономиканың үлесін азайту және адал кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты тұрақты түрде жалғастыратын болады. Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «(https://t.me/afm_insider_bot)АФМ Insider (https://t.me/afm_insider_bot)» (https://t.me/afm_insider_bot) телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі,-делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары