$ 494.87  520.65  4.91

Экс-министр Марат Бекетаевтың қамауға алу мерзімі ұзартылды

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын растаған болатын.

Фото: Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Фото: Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың қамауға алу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Бекетаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылдың 21 қаңтарына дейін ұзартқанын хабарлады.

Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Бекетаевты қамауда ұстау мерзімін 2024 жылғы 21 қаңтарына дейін ұзартты, - делінген сот хабарламасында.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын растаған болатын.

Еске салайық, 23 қазанда Антикорда бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын хабарлады. Оған лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Агенттіктің мәліметінше, ол мемлекетке аса ірі залал келтірген, көрінеу талап етілмейтін қызметтер көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасасу арқылы аффилиирленген компанияның мүдделерін қолдады.

Марат Бекетаев 2016 жылдан 2022 жылға дейін Әділет министрі қызметін атқарды. Ол қаңтар оқиғаларынан кейін қызметінен кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары