Криминалдық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сәкен Сүлмейменов күдіктіні азаптағаны үшін кінәлі деп танылып отыр. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Сүлейменов анау-мынау емес, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінен жауап алу кезінде күш көрсеткен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлап отыр.
Енді ол полковник шенінен айрылып қоймай, құқық қорғау органдарына 3 жылға дейін жұмысқа орналаса алмайды. Экс-полицей былтыр күзде Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің шағымы бойынша ұсталған болатын. Айдын Алпысбаев астаналық кәсіпкерге қастандық жасады деп 14 жылға сотталған. Кейін оның бұл қылмысқа түк қатысы болмағаны анықталды. Тіпті тергеу кезінде, оған полицейдің қысым көрсеткені дәлелденген. Ал елордалық бизнесмен кейін бұл оқиғаны ойдан құрастырғанын айтып ақталыпты. Іс бойынша, сараптаманы қолдан жасаған сарапшы да түрмеге тоғытылған. Бірақ соған қарамастан, арнайы қызметтің өкілі әлі абақтыда жазасын өтеп жатыр екен.
Аманжол Мұхамедьяров, А.Алпысбаевтың адвокаты:
- Прокуратура жаңадан пайда болған деректерге байланысты істі қайта қарауды талап еткен. Алайда әскери сот бас тартып отыр. Біз бәрібір қуынып, соңына дейін барамыз.