$ 494.87  520.65  4.91

Мұхамедиұлының соты: Экс-министрдің әйелі мен заңгеріне қандай айып тағылды?

Еске салайық, экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы былтыр 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Фото: adyrna.kz
Фото: adyrna.kz

Астанада бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, оның жұбайы Ғалия Ысқақова мен адвокаты болған Мұстақым Төлеевке қатысты пара беру ісі бойынша басты сот талқылауы басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Арыстанбек Мұхамедиұлының әйеліне пара берудегі делдалдық, ал адвокатына — аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген айып тағылды. Сот талқылауы кеше басталды, — делінген ауданаралық сот мәліметінде.

Сот актісі жарияланған уақытта ресми ақпарат қосымша ұсынылады.

Еске салайық, экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы былтыр ҚР Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі және 189-бөлігі 4-тармағы 2-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары