Бұған дейін Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты педофилді тексерген пробация қызметкері 2 жылға сотталған болатын.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Сарыағаш аудандық сотының бұрынғы төрағасы, судья Н. Шетенов қызметінен босталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы kaz.inform.kz -ке сілтеме жасап.
«Сарыағаш аудандық сотының судьясы Шетенов Нұрқазы Бектайұлы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттілігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша босатылсын» - делінген Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында.
Айта кетейік, бұған дейін Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты педофилді тексерген пробация қызметкері 2 жылға сотталған болатын.