$ 495.2  522.34  4.94

Құны 1 млрд теңгеден асатын 6 заңсыз тендер тоқтатылды

Күші жойылған тағы  бір тендердің құны 500 миллион теңгеден асады. Бұл тапсырыс беруші қала көшелерін ағымдағы жөндеуге қатысты конкурстан өткен.

Фото: gz.mcfr.kz
Фото: gz.mcfr.kz

Талдықорған қаласының прокуратурасы құны 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жайында Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын негізсіз жоғарылатып, сол арқылы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектеп, қиындатқан.

Күші жойылған тағы  бір тендердің құны 500 миллион теңгеден асады.

Бұл тапсырыс беруші қала көшелерін ағымдағы жөндеуге қатысты конкурстан өткен. Бірақ тапсырыс беруші жөндеуді қажет ететін көшелердің атауларын нақтыламаған, әр көшедегі жұмыстың сметалық құнын анықтамай, ақаулық актілерді ұсынбаған.

Прокуратураның қырағы жұмысының арқасында заң бұзушылықтар дер кезінде тоқтатылып, кәсіпкерлік субъектілерінің ашық конкурсқа қатысуын қамтамасыз етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары