$ 443.37  474.49  4.83

Онлай несие опық жегізбесін десеңіз нені білу керек?

Демек, несие алуға ұмтылған азаматтар саусақ ізін ұялы телефонына тақау арқылы жеке басын растауы тиіс.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Халық бұдан 10-15 жыл бұрын несие алу үшін банктердің табалдырығын тоздырып, кезеккке тұратын, Ал қазір банкке барып, кезекке тұрмай-ақ, қолындағы смартфон арқылы несиені ала алады. Тек несие беретін мекеменің талаптарын орындаса болғаны. Дегенмен онлайн несиені оңай аламын деп опық жеп, артынан бармақ тіптеп жүргендер қаншама!? Тіпті интернет арқылы шұғыл ақша алып, жоғары пайызбен қайтарып, арасында алаяқтарға алданып қалғандар да жетерлік. Эмоция билеп, жаны қысылғанда пайызын есептеп, алған сомасының үстіне қанша қосып қайтаратынына да немқұрайлы қарайтындар бар. Ақыр соңында бір ай бойы еңбек етіп тапқан ақшасын банкке төлеп, өзі көк тиынсыз жүретіндер де баршылық. Енді Қазақстанда онлайн несие аларда нені ескерту керек? Онлайн несие алудың жаңа талаптары қалай? Skifnews.kz ақпарат порталының тілшісі жаңа ережеге көзжүгіртіп көрді.

Таяуда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі шағын несиелерді электронды түрде беру қағидаларына қаржылық қызметтерді көрсету қауіпсіздігін арттыруға тиіс түзетулер дайындады. Жаңа ереже бойынша бұдан былай қазақстандықтар онлайн несие алу үшін биометриялық сәйкестендіруден өтуге міндетті. Демек, несие алуға ұмтылған азаматтар саусақ ізін ұялы телефонына тақау арқылы жеке басын растауы тиіс.

«Қарыз алушы мен микроқаржы ұйымдарының арасындағы қарым-қатынасты осылайша реттемесек, несие қамытын кигендер күн санап өсіп келеді. Мәселенің екінші жағы бар. Мәселен, интернет алаяқтар біреудің атынан несие рәсімдеуді әдетке айналдырып алған. Ал онлайн несие аларда әр адамның ұялы телефонындағы қайталанбас саусақ іздері алаяқтардың жымысқы әрекетіне тосқауыл қояды. Бұл әдіс арқылы алаяқтардың жолын кесуге мүмкіндік туады», - деді агенттік өкілдері.

Сонымен, 2024 жылдың 8 сәуіріне дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған онлайн несие рәсімдеудің жаңа ережелері төмендегідей:

  1. Клиентті жеке кабинетке тіркеген кезде оның ұялы телефонының нөміріне немесе банк шотының деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін (терминалдар арқылы шағын несие беруді қоспағанда) азаматтан биометриялық деректер талап етіледі;
  2. Клиентке банктік шоттың немесе төлем картасының меншік құқығын анықтау мүмкін болмаса, ақша аударылмайды;
  3. Микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйым сатып алынған тауарлар немесе орындалған жұмыстар, қызметтер үшін ақы төлеуді көздейтін шарт жасасқан заңды тұлғаның банктік шотына қарыз алушының өтініші бойынша микрокредитті аудару көзделген;
  4. қарыз алушы деректерді өңдеу орталығының қызметтерін пайдалану арқылы биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымның құрылғылары арқылы клиентті тіркеу кезінде алынған клиенттің биометриялық деректерін пайдалана отырып жүзеге асырылады;
  5. Биометриялық сәйкестендіру клиенттің биометриялық сәйкестендіру кезінде бақылау қозғалыстарының қайталанбайтын тізбектерін орындайтынын тексеру арқылы клиенттің биометриялық деректерін бұрмалау үшін статикалық кескінді немесе бейне жазбаны пайдаланудан қорғауды қамтамасыз етеді. Ал түзетулер клиентті биометриялық сәйкестендіру кезінде алынған деректерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін МҚҰ-ға қойылатын талаптарды белгілейді.

Нәтижесінде, «Ашық НҚА» порталында қоғамның ашық талқылауына ұсынылған заң жобасы шағын несиелерді онлайн беру кезінде қауіпсіздік талаптарын күшейтеді.

Осыған байланысты, құқық қорғаушылар несие алмас бұрын келісімшартты егжей-тегжейлі оқып алуды ескертеді. 

Тақырыпқа тұздың болсын, 2024 жылдың ақпан айында Қазақстанда онлайн несиелеу қатаң реттеледі және несие беру шарттары қайта қаралатыны айтылды. Коллекторлық ұйымдарға кредиттерді сатуға ішінара тыйым салынып, балалы отбасылардың жалғыз баспанасынан айырылуына жол берілмейтіні де қоғамға мәлім болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары