Агенттіктің ресми өкілі Данияр Бегайдаров Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеудің аяқталғанын мәлімдеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қозғалған бопсалау ісі бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Агенттіктің ресми өкілі Данияр Бегайдаров Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеудің аяқталғанын мәлімдеді.
Күдікті Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі көлемде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соқтырған озбырлық фактілері бойынша тергеу аяқталды. Гүлмира Сатыбалдаға қатысты Алматы қаласы тергеу сотының бекітуімен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуды жалғастыруда, оның қорытындысы бойынша іс сотқа жіберіледі, – деді Данияр Бегайдаров.
Еске салайық, 2023 жылдың 4 мамырында Гүлмира Сатыбалды 389-баптың 3 және 4-бөлігі (Өзiнше билiк ету, яғни ҚР заңнамасында белгiленген тәртiпке қарамастан, басқа адаммен немесе ұйыммен дауласып жатқан, өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетiнше жүзеге асыру) 125-баптың 2-бөлігінің 1 және 8-тармақтары (Пайдакүнемдік ниетпен адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен адам ұрлау) бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылған.
Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге жұмсалған қаражатты жымқыру, басып алу және ұрлау істеріне қатысты айыпталған.