$ 494.87  520.65  4.91

19 жасар Никита пойыз вагонынан 2 келіден аса героин тапты

Қазақстандық шекарашылар вагон мен аккумулятор бөлігінің арасынан 2,5 килограммға жуық героин тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Бейнеу шекара жасағы «Бейнеу теміржол» шекара бөлімшесінің шекаралық наряды «Душанбе – Москва» қатынасындағы № 319 пойыздың бесінші вагонын қарап тексеру барысында есірткі затты байқаған.

Жалпы салмағы 2 келі 458 грамм героин вагон мен аккумулятор бөлігінің арасынан табылды. «Олжа» полиэтилен пакетіне салынып, скотчпен оралған екен.

Аталған факт бойынша Маңғыстау облысының құқық қорғау органдары хабарланды, Ақтау қаласының соттық сараптама институтында сараптамадан өтті. Тергеу жүргізілуде.

Есірткі затының аса ірі партиясының ұсталуы мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері Никита Чернолихтың қырағылығының және оның төрт аяқты досының арқасы екендігін айта кету керек.  Қостанай қаласының тумасы, жақында ған шекара қызметінің қатарына шақырылған он тоғыз жастағы жігіт, ерлік көрсетіп – контрабандалық есірткіні заңсыз алып өтудің жолын кесіп қана қоймай, сондай-ақ мемлекеттік шекараны сенімді күзету ісіне елеулі үлес қосқандығын өзі әлі де түсінбейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары