10.09.2014, 04:43

Ел аумағынан шықпай жүрген Қытай және Өзбекстан азаматтары ұсталды

Сурет: azattyq.org

Қазақстандық шекарашылар бір тәулік ішінде белгіленген мерзімде ел аумағынан шығып кетуден жалтарған 77 азаматты – Қытайдың 27 азаматын және Өзбекстанның 50 азаматын ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі таратқан баспасөз мәлімдемесіне сәйкес, «Жолаушылар» бөлімі «Қорғас» өткізу пунктінің шекара наряды ҚХР 27 азаматын ұстады. Ұсталғандар тұратын жерлеріне бара жатқан болатын.

«Қазіргі уақытта бұзушылардан келу туралы міндеттеме алып жіберілді, Панфилов аудандық сотына жіберу жоспарлануда, делінген хабарламада.

Сарыағаш шекара жасағы «Қапланбек» өткізу пунктінің наряды Өзбекстанның 50 азаматын да белгіленген мерзімде шығып кетуден жалтарғаны үшін ұстады.

Жалтарушыларды Сарыағаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына тапсыру жоспарлануда.