$ 498.34  519.72  4.85

Алған парасын өртеп жіберген түрме қызметкері жазадан сытылып кетті

Атырауда «екі рет пара алып, қызмет бабын асыра пайдаланды» деп айыпталған түрме қызметкері сот залынан босап шықты деп хабарлады КТК телеарнасы. Қаладағы УГ 157/10 қоныс колониясының жедел уәкілі болған Амангелді Ғұбайдуллиннің қылмыстық жауапкершілікке тартылуына сотталушылардың бірінің жазған арызы себеп болған.

Сот процесі кезінде прокурор тағылған 3 айыптың екеуін алып тастады. Яғни, Амангелді Ғұбайдуллин сотталушылардан бір рет 50 мың теңге көлемінде пара алған. Оны да Ғұбайдуллин өз машинасын ішінен жауып алып, қасындағы әріптесі екеуі өртеп үлгеріпті. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент қызметкерлері басты айғақтан айырылып қалған. Дегенмен, сот оны кінәлі деп тауып, 3 миллион 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Ал түрме қызметкерінің үстінен «қолдау көрсеткені үшін ақша сұрады» деп арыз жазған азамат – жалған ақша жасап, 9 жылға сотталып кеткен Еркін Орынбасаров. Ол осыдан сәл уақыт бұрын қоныс колониясының басшысы Ренат Меңдіғалиевтің үстінен де «190 мың теңге талап етті» деп арыз жазған болатын. Кейін Меңдіғалиев өз кінәсін мойындап, сотталған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары