$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте өз әйелін оқтаумен зорлаған ер азамат 12 жылға қамалды

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өз балаларының көзінше әйелін оқтаумен зорлаған. Осынау қылмысы үшін судья оны 12 жылға соттап қана қоймай, «адам кейпіндегі хайуанға» да теңеді. Жабық режимде өткен сот отырысы туралы Тimeskz.kz порталында жазылған.

52 жастағы қылмыскер азаматтық некедегі әйелімен бірге 12 жыл өмір сүрген. Осы уақыт аралығында олар үш бала сүйіп үлгеріпті. Бұған дейін бірнеше жыл түрмеде отырып шыққан күйеуі «хайуандық» әрекетін сол жақтан үйреніп келуі мүмкін деп жазады басылым тілшілері.

Зорланған әйел ауыр халде ауруханаға түскені белгілі. Оның ішкі органдарына айтарлықтай зиян келген дейді дәрігерлер. Абырой болғанда, әйел аман қалды. Сотқа ол үш баласын ертіп келіп, оларды куәгер ретінде сөйлетті.

Айыпталушы ер азамат сот отырысында өзінің кінәсін толық мойындап, отбасынан жалынып кешірім сұраған. Алайда, әйелі де, балалары да одан теріс бұрылды. Сот болса мұндай қылмыспен тәжірибесінде алғаш рет кездесіп тұрғанын айтып, оны 12 жылға бас бостандығынан айырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары