Қарағанды облыстық соты 31 мамырда елдің бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтің апелляциясын қарайды. Айта кетейік, Ахметов мемлекетке 17 миллион 310 мың мың теңге шығын келтірді деген сот шешіміне қарсы шығып отыр деп жазады Tengrinews.kz.
Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқасының отырысы 11.00-ге белгіленген және оған судья Елік Мұхамедин төрағалық етеді.
"Қарағанды әкімі Ахметов Серік Нығметұлының, Әбдішев Бауыржан Түйтеұлының, Смағұлов Мейрам Ахмедиянұлының, Адамбеков Мұхтар Ермекбайұлының, Жәкенов Айдос Ғибадоллаұлының мемлекетке келген шығынды өтеу туралы шағымы бойынша іс материалдарын зерттеп, істі апелляциялық өндіріске алды. Іс тыңдауы 2017 жылдың 31 мамырына сағат 11:00-ге белгіленген", - деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер.
17 миллион 310 мың теңге - бұл, соттың шешімі бойынша, Серік А[метовтің және оның төрт қызметкерінің заңсыз әрекеттерінен мемлекетке келген шығын.