$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда әйел мен ер сотталушыларды бір-бірімен кездестірген түрме қызметкері сотталды

Қарағанды соты сотталушылардың кездесуіне қолайлы жағдай жасағаны үшін тергеу оқшаулағышының жедел уәкілін 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды деп жазады «ҚазАқпарат».

Бұл қоғам назарына ілінген факті сотталушыны тергеу оқшаулағышынан ауруханаға алып кетіп, патологияға байланысты түсік жасатқан кезінде белгілі болған. Бұған құқық қорғау органдары қызығушылық танытқан. Олар сотталған әйелді тергеп, оның ерлер камерасындағы басқа сотталушымен жақындасып, жүкті болып қалғандығын анықтаған. Олардың кездесуіне тергеу оқшаулағышының жедел уәкілі көмектескен.

Кейін жүкті болған сотталушының АИТВ-мен ауыратындығы белгілі болады. Жедел қызметкер тұтқындалды. Әділет капитанына Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылды. Бірақ Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының судьясы Әлия Жошева жедел уәкілді Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыруы бойынша тағылған айыптан ақтап алды. Судья сотталушының әйелдің диагнозынан хабарсыз екендігін алға тартып, оның дәрігерлік құпия болып табылатындығын және оны тек дәрігерлер білетіндігін мәлімдеді.

«Сот айыпталушыға орташа қауіпсіздік дәрежесіндегі мекемесінде 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды», - деп мәлімдеді судья Жошева соттың үкімін.

Сондай-ақ, сотталушы капитан дәрежесінен айырылды. Арнайы мекемені кездесу үйіне айналдырғаны үшін Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының бұйрығымен тергеу оқшаулағышы бастығы, орынбасары және басқа да қызметкерлерге сөгіс және қызметінен босату секілді шаралар қолданылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары