Шымкентте Жамбыл облысында жеті әскеридің өліміне қатысты айыпталған офицерге қатысты үкім шығарылды, деп жазады sputniknews.kz ҚР Әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 ақпада Қорғаныс министрлігінің таулы-егерь полкі әскерилерінің бір тобы әскери дайындық кезінде Көксай шатқалында болған қар көшкінінің астында қалған болатын. Жеті адам қаза тауып, 16 адам құтқарылды.
Апат алдында бөлім командирі қызметтік іс-сапарға шығып кетіп, басқарма билігі штаб басшысы – майор Шойбековке тапсырылған. 16 ақпанда таулы жердегі ауа райының күрт бұзылуына байланысты дабылдық ескерту түскеніне қарамастан, әскерилер тобы Көксай шатқалына оқу сабақтарын өткізу үшін аттанады.
Шымкент гарнизонының Әскери соты тарапынан Бақыт Шойбековке қатысты ҚР ҚК 453-бабына сәйкес қылмыстық іс қарастырылды. Сот оны айыпты деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырды, алайда кейіннен ҚР ҚК 63-бабын қолдану арқылы жаза шартты мерзімге ауыстырылды.