$ 445.66  474.58  4.78

Астанадағы наркоорталықта мас адамды ұрып өлтірген полицей 10 жылға сотталды

Астанадағы Наркология және психотерапия орталығында 29 жастағы ер адамды өлгенше сабағандарға қатысты сот үкімі шықты деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімді Астананың Алматы аудандық сотының судьясы Убайдулла Қошанов шығарды. Соттың шешімімен қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған полицияның патрульдік қызметінің сержанты Берік Мырзабеков 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал, Наркология орталығының фельдшері Саят Сатын мен осы мекеменің тағы екі қызметкері - Фархат Камбетов пен Сұңғат Темірғалиев ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") айыпты деп танылып, әрқайсысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, сот сотталушылардан қаза болған ер адамның отбасына материалдық және моральдық шығын ретінде 1 038 280 теңге және 1,5 миллионов теңге өндірілсін деген шешім шығарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары