$ 498.34  519.72  4.85

Алимент төлемеу үшін әкесі 8 жасар қызын буындырып өлтірген

Өзбекстандық Диербек Юлдашев алимент төлемеу үшін 8 жасар қызын буындырып өлтірген. Құқыққорғау органының мәліметінше, ер азамат қызды қылқындырып, жаны шыққан соң денесін арыққа лақтырып тастаған деп жазады Азаттықтың Өзбекстандағы тілшісі. 

Севара Юлдашеваның денесі 2 желтоқсанда табылды. Тәртіп сақшылары 23 қазанда жоғалған қыздың өліміне 27 жастағы әкесі кінәлі деп отыр. Тіпті тергеу кезінде ол өз кінәсін мойындаған.

Осылайша, Д.Юлдашев өз қызын өлтіріп, ай сайын төлейтін төлемнен құтыламын деп ойлаған. 

"Диербектің ажырасып, басқаға үйленгеніне екі жыл өтті. Ол жалғыз қызына алимент төлейтін", – деді жергілікті тұрғындардың бірі.

Юлдашевтың бұрынғы әйелінің туыстары оның мұндай қадамға баруына таң қалып отырған жоқ. Бірақ құқыққорғау органдары істі әлі құпия сақтап отыр. Десе де, бүгінгі таңда болған жайтқа қатысты қасақана кісі өлтіру белгісі бар деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары