$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам сотталды

Павлодарда өгей қызын зорлаған 32 жастағы ер адам 16 жылға бас бостандығынан айрылды деп мәлімдейді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Қылмыс 2013 жылы жасалған. Ол кезде сотталушының өгей қызы 13 жаста болған. Ал айыпты 28-де. 

Айыпталушының бұдан өзге де қылмыстары анықталды. Оның ұрлыққа да қатысы бар екен. Енді сотталушының қылмыстық жолмен тапқан барлық мүлкі тәркіленетін болды.

Айта кетейік, сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары