$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстан мұсылмандары одағының» басшысы Мұрат Телібеков ұсталды

Полицейлер «Қазақстан мұсылмандары одағы» ұйымының жетекшісі Мұрат Телібековті қайтыс болған көлік жүргізушісінің жанында болған кезде ұстаған деп мәлімдеді Алматыдағы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

«Жүргізуші Тимирязев көшесімен кетіп бара жатқанда өзін жайсыз сезінген. Содан көлікті тұраққа қойып, көп ұзамай көз жұмыпты. Ішкі істер басқармасының қажетті тексерісі кезінде Мұрат Телібеков оқиға орнына келіп, марқұмның туыстарының рұқсатын алмастан мәйітті видеоға түсіре жөнелген», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Салтанат Әзірбектің айтуынша, Телібековке марқұмның туыстары ескерту жасаған. Алайда, ол екертуге құлақ аспай, мәйітті бейнекамераға түсіруін жалғастыра берген.

«Қайтыс болған азаматтың әкесімен Мұрат Телібековтың арасында жанжал болады. Жол полициясының экипажы Телібековті тұтқындап, түсіндіру жұмысын жүргізу үшін аудандық ішкі істер басқармасына жеткізеді. Онда ол өзін ренжіткен адамның үстінен атына арыз жазып, артынша босап шықты», – деп мәлімдеді С.Әзірбек.   

«Қазақстан мұсылмандары одағының» мәліменше, бұл оқиға 19 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ маңында орын алған.

«Студенттердің және университет қызметкерлерінің көзінше белгісіз бір адам Мұрат Телібековті аяусыз соққыға жыққан. Жәбір көрген құқық қорғаушыны күштеп полиция көлігіне отырғызып, ұялы телефонын тартып алып, оны Бостандық ауданының ішкі істер бөліміне жіберген», – деп жазылған одақтың хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары