28.12.2017, 05:48

Назарбаев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қол қойды

ҚР Президенті Назарбаев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қол қойды деп жазады Ақорда.

Мемлекет басшысы әкімшілік-деликтік құқықты әрі қарай ізгілендіруге, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында заңдылықты күшейтуге бағытталған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.