$ 480.55  533.75  5.36

Астаналық келіншек өзін күйеуі мен оның жолдасы жабылып зорлағанын айтты

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында зорлыққа тап болған әйелдің ісі қаралып жатыр деп жазады Tengrinews.kz.

Астананың 26 жастағы тұрғыны өткен жылдың жазында азаматтық некедегі күйеуі мен оның досынан зорлық көргенін мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, бұл қылмыс алдын ала жоспарланған. 

"Мені жабылып зорлады. Өмірім үшін қорықтым да, үшінші қабаттан секіріп кеттім. Оқиға жалдамалы пәтерде болды. Олар оқиғаны видеоға түсіріп тұрды. Олар өлтіріп, көміп тастайтынын айтып, қорқытты. Сондықтан мен секіріп кеттім", – деді 26 жастағы Саина. 

Секіріп кеткен қыз түрлі жарақат алыпты. Осы оқиға бойынша тергеу басталып, қазір іс сотқа жетті. 

Сотталушы ретінде күдіктілердің бірі келіп отыр. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 3-пункті бойынша айыпталып отыр. 

Тергеу барысында, әйелдің айтуынша, азаматтық некедегі күйеуі қашып кетіпті. 15 қаңтарда тараптарды қатар тыңдау барысында сотталушыға мемлекеттік айыптаушы 13 жыл бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындауды сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары