$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда былтыр 2 000 әйел зорланған, олардың 51-і 60 жастан асқан зейнеткерлер

2017 жылы Қазақстанда зорланған қыз-келіншектер мен әйелдердің саны 2 мыңнан асып жығылады. Мұндай мәліметті Астанада өткен брифингте #Немолчи.KZ зорлық-зомбылыққа қарсы ұлттық қозғалысының жетекшісі Дина Таңсәрі (Смайылова) айтты.

- Былтыр 2 085 әйел жыныстық зорлық-змбылықтың құрбаны болған. Бұлар тек арыз жазғандары ғана. Яғни, барлық зорлық көрген әйелдердің тек 10 пайызы деп есептеуге болады. Көпшілігінің арыз жазбайтынын білеміз. 914 жағдайда тараптар татуласып, қылмыстық іс тоқтатылған", - деді Таңсәрі журналистермен болған кездесуде. Оның пікірінше, зорлық көрген әйелдерді арызывн кері алуға полицейлердің өздері итермелейтін көрінеді.

Сондай-ақ, аталған жиында жәбірленушілердің жас ерекшеліктері де айтылды.

- Мені таң қалдырғаны, зорланған 93 әйелдің жасы 50 мен 59 арасында, 60 жастан асқандары - 51 әйел. Қоғамда ойлайды, негізінен жас қыздар ғана зорланады деп. Бірақ, олай емес екенін көріп отырмыз. Дегенмен, негізінен азғындар 21 мен 29 жастағы және 30 мен 39 жас аралығындағы әйелдерді өте жиі зорлайды, - дейді әйелдер құқығын қорғаушы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары