$ 448.15  483.46  4.86

Приозерск қаласының прокуроры пара алу кезінде ұсталды

Қарағанды облысы Приозерск қаласының прокуроры мен Приозерск горнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры пара алып жатқан жерінен ұсталды деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

"Бүгін Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті 1000 доллар көлемінде пара алып жатқан жерінде Қарағанды облысы Приозерск қаламсының прокуроры Е.Б.Тұрысбеков пен Приозерск горнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры А.У.Раджапов ұсталды", - делінген аталған хабарламада.

Бас прокуратураның мәліметінше, параны олар жергілікті тұрғыннан қылмыстық істі тоқтату үшін алыпты. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары