$ 494.87  520.65  4.91

Ақтаудағы ең қауіпті шағынаудандардың тізімі шықты

Құқықтық статистика және есеп комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының мәліметінше, Ақтаудағы ең криминалды орындардың қатарына төрт бірдей шағынаудан кірген. Бұл туралы "Лада" порталы мәлімдеп отыр.

Құқық қорғаушылар хабарлағандай, қаңтар айында Маңғыстау облысында жасалған қылмыстардың басым көпшілігі Ақтауда тіркелген екен. Қаладағы ең қауіпті орындар ретінде 1, 4, 5 және 12-шағынаудандар белгіленіп отыр.

- 2018 жылдың қаңтар айында Маңғыстау облысында барлығы 513 қылмыстық заңбұзушылық тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл 24,6 пайызға немесе 168 қылмысқа аз. Олардың ішінде тек біреуі ғана кәмелет жасына толмаған жасөспіріммен жасалған қылмыс, - дейді Құқықтық статистика және есеп комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының басшысы Талғат Уәлиев.

Облыста бір айда жасалған қылмыстардың ең көбі ұрлау дерегі екен. Бір ғана Ақтаудың өзінде кісі мүлкін ұрлауға қатысты 145 оқиға тіркелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары