$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да Ақпантоқпантұрарқожа есімді азамат бар және ол сотталып жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында есімі ерекше азамат тұрады және ол қазір сотталып жатыр. Бұл туралы Otyrar.kz порталы жазды. 36 жастағы Ақпантоқпантұрарқожа Жанбеков бөтеннің мүлкін талан-таражға салды деп айыпталуда.

Тергеу материалдарынан белгілі болғандай, ер азамат былтыр маусым айында қалалық емханада механик қызметінде жүріп, өзінің лауазымын пайдаланып, сеніп тапсырылған ірі көлемдегі бөтеннің мүлкін талан-таражға салған. Кейін бұл қылмысын ол жалған құжат жасау арқылы жасырмақ болған екен. Атап айтқанда, Ақпантоқпантұрарқожа құны 1 млн 200 мың теңгеден асатын көлік жанармайын жаратып жіберіпті.

Күдікті өз кінәсін толықтай мойындап, прокурормен процесуалдық келісімге келуге өтініш беріп отыр. Сот үкімі енді шығады.

Айта кетейік, Ақпантоқпантұрарқожа Жанбековтің есімі қазақстандықтарға 2013 жылы белгілі болған еді. Бәзбіреулер оның жеке куәлігін суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге таратып жіберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары