$ 494.87  520.65  4.91

Министр Қанат Бозымбаевтың орынбасары аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деп ұсталды (ВИДЕО)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мамандары аса ірі көлемде ақша жымқырды деген айыппен ҚР Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков ұсталды. Бұл туралы Бюроның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Энергетика вице-министрі Сәдібеков «Аймақ» ЖШС мердігер ұйымының басшысымен қылмыстық келісімде Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі көлемдегі бюджеттік қаражатты жымқырған деп айыпталуда.

Сонымен қатар, қылмыс жасауға Энергетика министрлігінің департамент басшысы Ж.Нұрбеков және мердігерлердің өкілдері С.Жұмалинов және Б. Қадырберлин қатысқан. Сәдібековпен қол қойылған жалған актілер бойынша Энергетика министрлігімен 2017 жылы көлемі аса арттырылған атқарылған жұмыстарға жалпы сомасы 3,6 млрд теңге төленген. Аталған қаражаттың 1 млрд. теңгесі қолма-қол алынған және жымқырылған. Ол қаражат тінту барысында табылып, тәркіленіп алынды.

Бұдан бөлек, 2018 жылға көлді тазартуға бөлінген 1,5 млрд ақша қаражатының жымқырылуы тоқтатылды. Сәдібеков, Нұрбеков, Дуанбек, Жұмалинов және Қадырберлин ұсталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары