$ 439.43  473.31  4.82

БҚО-да көлік апатынан әйел адам қайтыс болды

24 ақпан күні Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау-Алмаз тас жолында көлік апаты болған. Автокөлік ішіндегі төрт адамның бірі оқиға орнында қайтыс болды деп жазады Уральская неделя.

Renault Duster автокөлігі жол жиегіне аударылып кеткен. Күәгерлер апат болған көліктің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істеріне тиесілі екенін айтады.

Қайтыс болған әйелдің артында 2  баласы қалды.

Қазіргі таңда осы іске қатысты Қылмыстық кодекстің 345 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары