14 наурызда ОҚО Сарыағаш ауданы Абай ауылының тұрғыны Шарипа Батырбекова мен оның "сексуалдық зорлыққа ұшырады" деп сипатталған жеті жасар жиенін полицияның ұстап әкеткені хабарланды.
Жергілікті қоғам белсендісі Дінмұхамед Артықовтың айтуынша, Батырбекова мен оның жиенін сәрсенбі кешкі сағат 20.00 шамасында Шымкент вокзалынан Алматыға жүрейін деп тұрған жерінен жиырма шақты полицей күштеп алып кеткен. Адвокат Бауыржан Азанов та Азаттық тілшісіне бұл мәліметті растап, нағашы әжесі мен баланың облыстық ІІД бас кеңсесінің ішінде отырғанын айтты. Кеңсенің күзет қызметі бұл мәліметті растады.
Азановтың айтуынша, қолына сенімхат ұстаған Батырбекова жиенін "сот- медициналық сараптамадан өткізу үшін алып келгенін" жеткізген. Полицейлер екеуін кеңседен шығармай, "тергеушіні күтіп отырғандарын" айтқан.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, ОҚО ІІД бас кеңсесінің маңына бірнеше белсенді мен журналист жиналып тұр.
Сарыағаш ауданының Абай ауылында "зорланған" жеті жасар баланы туыстары тәуелсіз мамандарға көрсеткілері келеді. Білім мекемелерінің басшылары "зорлау болғанына дәлел жоғын" айтады. Жергілікті полиция бұл арыз бойынша қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлаған.
Азановтың айтуынша, қолына сенімхат ұстаған Батырбекова жиенін "сот- медициналық сараптамадан өткізу үшін алып келгенін" жеткізген. Полицейлер екеуін кеңседен шығармай, "тергеушіні күтіп отырғандарын" айтқан.
Артынша ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсінік берді. Баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың айтуынша, әжесі мен немересі қазір кәмелетке толмаған балаларға арналған бейімдеу орталығына жеткізілген. Баланың әжесі орталыққа баруға және мемлекет тарапынан берілетін қорғау құқығын алуға келіскен дейді ол. Бірақ Шарипа Батырбекова мен оның немересінің адвокаты Бауыржан Азанов "олар ешқандай құжатқа қол қоймады, келіспеді" дейді.