Сотталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Назым Бишімбаева сот үкіміне шағым түсіретінін айтты.
«Біз үкіммен келіспейміз. Сот істің бүге-шүгесін анықтаған жоқ деп санаймыз. Судья тек жанама айғақтарды ғана келтіріп отырды. Ешқандай тікелей айғақ ұсынылмады. Сондықтан біз келіспейміз, шағым түсіреміз… Менің күйеуім мұндай жазаға лайық емес. Нұрлыбек те солай. Оны да ақтауы керек еді деп санаймын», — деді Бишімбаевтың әйелі үкім оқылғаннан кейін.
Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаевқа жала жабылып отыр. Бишімбаевқа сот үкімі шығып, 10 жылға сотталды.
Дереккөз: Sputnik Қазақстан