$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде жолдан өтіп бара жатқан оқушыны көлік қағып өлтірді

Ақтөбеде жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан 11 жасар оқушынының өліміне қатысты сот үкімі шықты. Жол көлік оқиғасына себеп болған Амантай Үсенов сот алдында өз кінәсін мойындады деп жазады Диапазон.  

Судья қылмыскерге 2 жыл бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сондай-ақ көлік жүргізу құқынан айырды.

Айта кетейік, 2018 жылдың 31 қаңтарында 48 жастағы Амантай Үсенов ЗиЛ автокөлігімен Заречый ауылына бара жатады.  Жолда 11 жастағы бала жаяу жүргіншілер жолынан жүгіріп өтпек болғанда, жүргізуші тешегішті басып үлгермей, қағып кетеді. Ауруханаға жеткізілген оқушы ауыр жарақаттан бірнеше сағаттан соң қайтыс болды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары