29.03.2018, 10:05

Еріндерімен сүйісіп: Желіде мұғалім әйел мен оқушы қыздың сексуалды қарым-қатынасын дәлелдейтін сурет жарияланды

Новгород облысы Боровичи қаласындағы жергілікті мектептердің бірінде сексуалды сипаттағы оқиға анықталды. Бір жыныстылардың дәстүрлі емес қарым-қатынастары айқын көрінетін суреттер полицейлердің назарына іліккен.  

Оқу орны директорының орынбасары Ирина мен 10-сынып оқушысы Лиза (аты өзгертілді) Instagram-парақшасына ғашықтар секілді мұғалімімен түскен түрлі суреттерді жариялайды екен. Олардың ең соңғы бөліскен фотоларды құқық қорғау органдарын бей-жай қалдырмады. Себебі, кадрда оқушы мен ұстаз бір-бірімен ғашықтар секілді сүйісіп тұр. 

«Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұғалім мен кәмелеттік жасқа толмаған қыздың сексуалды сипаттағы қарым-қатынасы дәлелденсе, қылмыстық іс қозғалып, жауапкер жазаға тартылады», – дейді ведомство өкілі.

Екеуі де ара қатынастарын теріске шығарып әлек. Тіпті тергеушілерге жарияланған суреттің фотошоп бағдарламасы арқылы жасалғанын айтқан. Десе де, кейін олар Instagram-парақшасындағы storyes-ке: «Біздің өмірімізге араласпаңыздар. Біз бір-бірімізді жақсы көреміз» деп жазба қалдырыпты.

Дереккөз: Life.ru