10.04.2018, 04:56

Қорғастағы бекетте жүргізушілер анықтама алу үшін 5 мың теңгеден беретіндерін айтты (ВИДЕО)

Қорғас арқылы Қытайға кетіп бара жатқан көлік жүргізушілерінен құқық қорғаушылары 5000 теңгеден алатын көрінеді, медициналық анықтама үшін. Бұл туралы видеоролик Instagram әлеуметтік желісіндегі autolife_kz парақшасында жарияланды.

Видеодан полиция қызметкерлерінің көлік жүргізушілерін өткізбей тұрғанын аңғаруға болады. Сондай-ақ, шулаған жүргізушілердің «не үшін айппыұл төлейміз? Мына бір бутканың ішінде ме? Заңсыз ғой бұл» деген дауыстары естіледі.

Видео авторының айтуынша, медициналық тексеруден көлік жүргізушілері Қорғас шекарасында өтеді деген заң шығыпты. Сол үшін әрқайсысынан 5000 теңгеден алады екен.

«Қытайға өтпек болған жүк көлігі жүргізушілері медициналық тексеруден өтуі керек екен. Сол үшін Қорғасқа мынадай дүңгіршек орнатып қойыпты. Алкоголь ішкен-ішпегенін тексеріп, жүргізушілерге ақылы анықтама қағазы беріледі. Мұндай тексеруге олардың құқығы бар ма? Сол үшін тағы 5000 теңге алады. Осындай былықтар орын алуда. Мына видео Қазақстан билігіне жетсін», - деп жазады видео авторы.