18.06.2015, 18:00

Қанат Сәдуов туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды

Астананың ішкі істер департаменті елордада мұғалім әйелді өртеп жіберген Қанат Сәдуов туралы ақпарат берген адамға сыйақы табыс етеді. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

"Астана ІІД аса ауыр қылмыс жасаған 30.10.1972, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданының тумасы Сәдуов Қанат Ғайсаұлына іздеу жариялайды. Қандай да бір мәлімет пайда болса мына мекен-жайға хабарласуларыңызды өтінеміз: 8(7172) 71-63-29, 71-60-29, 71-60-22, 71-60-10, 8-747-227-79-40, 8-778-917-05-78. Аты-жөнді жасыруға болады және сыйақы кепілдендірілген", - делінген департаменттің хабарламасында.

Айта кетейік, Сәдуов бір айдан бері іздестіріліп жатыр, алайда әзірше еш нәтиже жоқ. Астана ІІД 1 маусымда бұрынғы әйелін өртеп жіберген ер адамға сипаттама беріп, таратты.

Еске сала кетейік, 26 мамырда Астанада №25 мектептің маңында ер адам мұғалімді өртеп жіберген болатын. Ер адамның аты-жөні анықталды - ол әйелдің күйеуі болып шықты. Соттың қаулысы бойынша, ол мұғалімге жақындамауы тиіс болған. Әйел адамның денесінің 70 пайызын күйік шалып, көп ұзамай  әйелдің қайтыс болған еді. Оның артында төрт баласы әйелдің әпкесі өз қамқорлығына алды.

Сонымен қатар, ІІД мамандары бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікпен іздеу жарияланған Қанат Сәдуовтің біраз уақыт ішкі істер органдарында кіші лейтенант болып жұмыс істегенін хабарлады. "Қанат Сәдуов ішкі істер органдарындағы қызметінен 2003 жылы босатылды, ол ІІБ қызметкері жол полициясы инспекторы лауазымының беделін түсіргені үшін жұмыстан шығарылған", - деді департаменттегілер.